facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/b4d/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/b4dc224b2280d8cf191f1bc81ddb6fbb.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
instagram-da-blog-zh-rg-zet-n-aza-standy-d-r-gerler
logo
Instagram-да блог жүргізетін қазақстандық дәрігерлер

05.03.2020

Instagram-да блог жүргізетін қазақстандық дәрігерлер

Даурен Әділбай, @doctoradilbay


doctoradilbay.jpg

Даурен Әділбай — бас пен мойын және қалқанша безінің онколог-хирургы. 2015 жылы Thomson Reuters оны «Жылдың жас ғалымы» деп атады. Нью-Йорктік MSKCC онкология орталығында жұмыс істейді. Өз вебинарларында «супердәрігер» жас мамандарға шетелде тағылымдамалар мен гранттарды табуға, ғылыми мақалаларды және мотивациялық хаттарды жазуға көмектеседі. Қатерлі ісік жайлы жазады. Парақшасында 25 900 оқырман бар.


Дана Саметовна, @mammolog_kz


MammologBashibayevaDana.jpg

Емізетін жас аналарға дұрыс тамақтануға, баланы дұрыс емізуге және жүкті әйелдердің денсаулығын күтуге көмектесетің блог жүргізеді. Парақшаны 2015 жылдан бері бар. Күнде әйелдерге пайдалы болатын тақырыптарды қарапайым тілде түсіндіретін пост жазады. Әр посттың астында орта есеппен 50 сұраққа жауап береді. 93 000 оқырманы бар.


Ақбота Амирова, @lor_amirova


loramirova.jpg

Ақбота Амирова —оториноларинголог-дәрігер. Оның парақшасында ЛОР ауруларының клиникасы мен диагностикасы қарапайым тілде сипатталады. Дәлелді медицинаның дәрігері ретінде ғылыми мақалалар мен журналдарды оқиды. «Асыл Ана» жүлдесінде «Дәрігер-Ана» номинациясының жеңімпазы атанды. 18 500 оқырманы бар.


Светлана Аллиярова, @dietlolg_alliyarova


dietologalliyarova.jpg

Светлана Аллиярова — PhD-дәрігер, доцент, диетолог және нутрициолог. Антиэйджды алдын алу туралы шеберлік сағаттарды өткізеді және превентивтік медицинаны — танымал заманауи бағытта дамытады. Мұндай медицинаның мақсаты — адамның салауатты өмірін табиғи биометрика арқылы ұзарту. Парақшаны 16 200 оқырман оқиды.


Ғалия Сейдалиева, @pediatr_doctor


pediatrdoctor.jpg

Галия Сейдалиева — педиатр-ана. Ол — саналы ана курстарының жаттықтырушысы. Аналарға балалар дәрігерінен кеңес ала алатын ақылы ватсап-чат жүргізеді. Оның парақшасы тек медициналық посттарға арналған. 81 300 оқырманы бар.


Ильяс Бейскенов, @dr_beiskenov


drbeiskenov.jpg

Бейскенов Ильяс Саматұлы пластикалық хирургия саласында үлкен сұранысқа ие. Омбы мемлекеттік медицина академиясын бітірген. Астаналық клиникада жұмыс істейді, оның қызметіне дене, бет және кеуде пластикасы кіреді. Парақшада 123 000 оқырман бар. Мұнда хирург отаға дейінгі және отадан кейінгі суреттерді жариялайды.


Айдос Кәрім, @stomatolog_karim_aidos


stomatologkarimaidos.jpg

Айдос Кәрім Астанадағы «Нейродин» диагностикалық орталығында жұмыс істейді, тіс жайлы өз блогын белсенді жүргізеді, интерактивтер өткізеді. 15 000 оқырманына өз ісінің маманы ретінде танымал.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.