facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
s-y-kt-s-n-tabysty-k-s-pke-aynaldyra-b-lgen-3-adamny-gimeleri
logo
Сүйікті ісін табысты кәсіпке айналдыра білген 3 адамның əңгiмелерi
Өмір сүру стилі

22.05.2017

Сүйікті ісін табысты кәсіпке айналдыра білген 3 адамның əңгiмелерi

БІЗ өзінің қызығатын нәрсесімен айналысып, табысқа кенелген адамдармен әңгімелестік.

Зара Рамазанова, туған қаласы — Алматы, кондитер

2013 жылы біз, әсіресе, балаларымыз табиғи емес, жасанды қоспалар қосылған тәттілерді көп тұтынатынымызды түсіндім. Кейін кондитерлік өнерді үйрене бастадым және оның сән тенденциялары бар бүтін бір әлем екенін білдім. Мәскеудегі кондитерлік мектебіне барып келгенімде бұл саланың Қазақстандағыдан әлдеқайда өзгешеленетінін ұқтым. Содан соң Еуропада ғасырлар бойы үйретілген, бірақ бізге әлі жете қоймаған жаңа нәрселерді үйрене бастадым. Жаңа білімімді айналамдағылармен бөлісе бастадым, десерт тек екі-үш түрлі тәтті күлшелер емес және тек дүкен сөрелеріндегі жасанды кекстерден тұрмайтынын көрсеттім. Олар өз қолыңмен дайындалған табиғи өнер туындылары болуы мүмкін, олар балаларымыз бен олардың жас ағзасына зиян келтірмейтін өнімдер. Менің ісім осылай басталған болатын. Өзім шеберлік сыныптарына жиі қатысып тұрамын, білімімді шыңдаймын, жаңа нәрсе үйренемін, бұл сала өте ауқымды және оны өмір бойы зерттеуге болады.


photo_2017-02-24_16-50-39.jpg


Менің аз ғана тұтынушым көптеген кеңестер сұрап жүрді, ал уақыт өте келе олардың бұл істі үйренгісі келді. Осылайша, үй ханымдарын үйретіп, шеберлік сыныптарын өткізе бастадым. Қатысқысы келетіндер өте көп болды. Сол кезде мен бұл іспен ақша табуға болатынын түсіндім.


Іске деген көзқарасым тек жақсы жағына қарай өзгерді. Мен өз шеберлік сыныптарыма бар күшімді салып дайындалдым, бұл адамдарға білім беретін үлкен жауапкершілігі бар жұмыс. Бұған дейін мен интерьер дизайнері бойынша білім алдым, бала күнімнен сурет саламын, алайда бұл істің өмірлік ісіме айналатынын білместен, жастық шағымды ас үйде өткіздім. Менің ең алғашқы ірі коммерциялық тапсырысым бұл — Mojo және Barley мейрамханаларының ашылуында кеңес беруім еді.




Айнұр Жандау, туған қаласы — Орал, шаш үлгісі бойынша стилист-фрилансер


Бала күнімнен, мектеп кезінен бастап күн сайын өз шашымды өзім сәндеп, сыныптастарымның шашын түрліше өріп беретінмін. Сүйікті ісің негізгі жұмысыңа айналған сәт оны алғашқы табыспен бекітілген жоқ. Бәрі біртіндеп келді, алғашқы келіндерден басталды.


Айнур Жандау.jpg


Уақыт өте келе сен адамдарды жарты сөзінен-ақ түсіне бастайсың, олардың тілегін түсінесің, өз клиенттеріңді қуантуға тырысасың. Мен Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Ғимараттарды есептеу және жобалау» мамандығы бойынша бітірдім. Бұрын әлеуметтік желілер мұнша танымал болмаған тұста жұлдыздардың суреттері бар журналдар мен кітаптарды көп қарайтынмын. Қазір, әрине, қызықты шаш үлгісін немесе макияж түрін табу әлдеқайда оңай.




Анна Тараканова, туған қаласы — Ақмола облысы, Астраханка ауылыаспаздық жаттықтырушы, «Мой вкусный дом» жобасының авторы


Аспаздық іс маған әрдайым ұнайтын және үнемі өз қонақтарым мен жұбайымды қызықты тәттілермен қуантуға тырысатынмын. Алайда, бала күтіміне байланысты демалысымда бұл анық байқалды, бұл кезде бірдеңемен айналысу керектігін түсіндім. Оның үстіне әжем жиі тағам дайындайтын, мен оған қарап бұл іске қызықтым деп айта аламын.

IMG_9101.jpg


Кейін мен аспаздық бойынша білім аламын деп шештім. Мейрамхана бизнесінде тәжірибем бар, бірақ өмірімді осы іспен байланыстырамын деп ойламаппын. Ең алғашқы шеберлік сыныбын өзімнің екі құрбыма арнап өткіздім. Бұл мен үшін үйреніп, қатемен жұмыс істеу мүмкіндігі болатын. Келесіде маған шеберлік сыныбына ақша төлеген қонақтар келді. Сондай-ақ, қазір түрлі аспаздық жобаларды жүзеге асырумен айналысып жүрмін, басқа қалаларға шеберлік сыныбын өткізуге жиі барып тұрамын.


Тағам дайындай білу — әйелдердің негізгі қабілеті болуы тиіс деп ойлаймын, үй мен отбасындағы атмосфера тағаммен байланысты. Маған жас қыздарға үйреткен ұнайды, себебі оларда кедергі келтіретін тәжірибе жоқ. Сонымен қатар отбасындағы береке үшін үлес қосатыныңды түсіну өте керемет.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.