Медиасферада белсенді дамып келе жатқан және өз аудиториясы бар Қазақстандық актрисамен таныстық. Оның шығармашылығы мен жастарға берген кеңесін тыңдап көрейік.
Өзім туралы
Мен Алматыданмын. Бір жылдан астам уақыт шығармашылықпен айналысып келемін. Кейде мен ертерек бастамағаныма өкінемін, себебі мен кішкентай кезімнен өзімді кино жұлдызы ретінде елестетіп, өзіме әртүрлі бейнелер жасап, түсірілімге қатысқанымды елестететінмін. Мұның бәрі карантин кезінде мен жасыл фон сатып алып, TikTok-та бейнелер түсіре бастағанымнан басталды. Жақсы аудитория жинап, әрекет ету керек екенін түсіндім.
Шығармашылық туралы
Мен массовкадан бастадым, басында тек эпизодтық рөлдерді алдым. Кейінірек менің өмірімде агент Құралай пайда болды. Ол маған лайықты жобаларды тауып, нәтижесінде «Шыңға Шық» сериалында дебют жасадым. Өткен жылдың желтоқсан айында «Шеше» телехикаясында басты рөлді сомдадым. Жазда қыста шығатын «Ауыл Мұғалімі» жобасына түстім. Қазіргі уақытта Salem Social Media түсіріп жатқан «Система» телехикаясында рөлге ие болдым.
Шын өмірде мен тұйықпын, бірақ кинода мен өзімді әрқашан жаңа қырымнан ашамын. Мен өзімді басқа салада елестете алмаймын, ары қарай шығармашылықта дамығым келеді.
Бізде талантты, әдемі актерлер көп. Маған актриса @bakonay_ks ұнайды, болашақта онымен жұмыс істегім келеді.
Ұсыныстар
Егер сіз кино саласында танымал болғыңыз келсе, барлық кастингтерге барыңыз. Егер сіз басында сәтсіздікке ұшырасаңыз, бас тартпаңыз. Instagram-парақшағызды дамытып, белсенді болыңыз. Өзіңізге керек саладағы адамдармен танысып, көбірек кеңестер сұраңыз.